«МЕЙІРБИКЕЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР: ИННОВАЦИЯЛАР, ТӘЖІРИБЕГЕ ЕНГІЗУ

Салтанатты рәсім

Іс-шараның 2-ші жартысында, салтанатты жиында №1 қалалық емхананың фармацевті Буркитбаева Хатыма Михайловна – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен, «Қарғалы аудандық ауруханасы» мейірбикесі – Иманбаева Шолпан Әбдығалиқызы, «№2 қалалық емханасы» бас медбикесі -Жүсіпбекова Жанат Ғалымқызы, «Облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек бекеті» фельдшері – Мукашева Кунзада Айткалиевна – «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медальдарымен марапатталды.

11 мейірбике Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хаты мен Мақтау қағазына ие болды. Бұл мараппаттарды салтанатты жағдайда табыс еткен – ҚР ДСМ Ғылым және адам ресурстары департаменті мейіргер ісін дамыту басқармасының бас сарапшысы – Наурузбаева Айнагүл Серікбайқызы.

24 орта буын медицина мамандарына арналған Ақтөбе облысы әкімінің Алғыс хаты мен сыйлық сертификаттарын облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы – Р.Қ. Исаев табыс етті.

Марат Оспанов атындағы БҚМУ Басқарма төрағасы-ректор, медицина ғылымдарының докторы, профессор Қалиев Әсет Әскерұлы өзінің құттықтау сөзінен соң Марат Оспанов атындағы медальмен Ақтөбе облысындағы мейіргерлік істі дамыту мен жетілдірудегі жеке үлесі үшін:

​-Мажекенова Ағиба Мухамеджанқызы, № 3 емхананың бас мейірбикесі, ұзақ жылдар облыстың штаттан тыс бас мейірбикесі болған;

-Темирбаева Батима Камитқызы Марат Оспанов атындағы БҚМУ отбасылық медициналық клиникасының мейірбикесі;

-Достанова Жанар Анатольевна, Марат Оспанов атындағы БҚМУ-дың мейірбикеліс іс ғылымы бойынша 1-ші PhD докторанты;

-Кальян Ирина Васильевна – Ақтөбе облыстық мейірбикелер қауымдастығы Ассоциациясының төрайымы, Отбасылық медицина орталығының бас мейірбикесі;

-Арыстанова Гулнат Дарбайқызы – №3 қалалық емхананың ең үздік мейірбикелік қабылдау бөлімінің үздік мейірбикесі.

 Арнайы Алғыс хатпен:

  • ​м.ғ.д.,профессор Роза Абзалқызы Абзалова «Primary Health Care» Ұлттық Қауымдастығының Басқарма Төрағасы;
  • Саркисова Валентина Антоновна, «Ресейдің медбикелер қауымдастығы» Бүкілресейлік қоғамдық ұйымының президенті, Ресей Федерациясының Еңбек сіңірген медицина қызметкері;
  • Судха Рани Гупта – “Рухани даму орталығы” Аймақаралық қоғамдық ұйымының бас директоры марапатталды.

Салтанатты жиын орта буын медицина мамандарының күшімен дайындалған концертімен аяқталды.