Визитинг профессор
“Visiting professors” бағдарламасы аясында 24.04.2023-28.04.2023 аралығында психиатрия және наркология курсымен неврология кафедрасына медицина ғылымдарының докторы, профессор, Әзірбайжан Мемлекеттік Медицина Университетінің неврология кафедрасының меңгерушісі Мамедбейли Айтен Кямал гызы келді.
Резиденттерге дәрістер оқылып, практикалық сабақтар мен семинарлар өткізілді, практикалық денсаулық сақтау дәрегерлеріне «Мукополисахаридоздар. Неврологиялық көріністері» атты тақырып бойынша мастер класс ұйымдастырылды. Оған қаладағы балалар неврологтары, реабилитологтар, генетиктер қатысты.
Ол сондай-ақ, жас ғалымдардың “Ғылым: кеше, бүгін, ертең” атты LXII Халықаралық ғылыми конференциясына қатысып, “Нейрональды цероидты липофусциноз және эпилепсия” тақырыбында баяндама жасады.
Бос уақытында ол университет мұражайымен, анатомиялық мұражаймен танысты, студенттік көрмелерде болды, университет клиникаларына барды.
Сонымен қатар, ол қаланың ауруханалары мен оңалту орталықтарына, облыстық перинаталдық орталыққа барып, біздің медициналық ұйымдарды жабдықтау туралы жағымды әсерімен бөлісті.