«Еркін ел ұрпағы» диктанты
Университеттің оқытушылары мен студенттері 2023 жылдың 4 мамыр күні сағ 10:00-де мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында барлық қазақстандықтардың қатысуымен болған «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктантын жазу бастамасына белсене қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты: еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу.
Жалпыұлттық диктантқа «Жалпы медицина» және «Стоматология» мамандықтарының 120 студенті мен 55 оқытушы, қызметкерлер қатысты. Диктанттың маңызды ерекшеліктерінің бірі – оған басқа ұлт өкілдерінің белсенді түрде қатысуы болды.
Шараны Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен университетіміздегі тілдер кафедрасының оқытушылары Мустояпова А.С., Сабитбекова М.М., Утаргалиева Ш.Ш., Абдуллина Л.Н. өткізді.