“Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы”
2023 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы 2023 жылға арналған “сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл” №4 үлгілік базалық бағытын іске асырудың Жол картасын бекітті. Оның ішінде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесі (бұдан әрі-СЖТІТ) бекітілді, онда СЖТІТ жүргізу мерзімі 2023 жылғы маусым-шілде айлары болып айқындалды.
Жол картасын орындау мақсатында “М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті” КЕАҚ (бұдан әрі-Университет) 2023 жылғы 5 маусымнан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау жоспарланған.
СЖТІТ негізгі мақсаты университетте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу болып табылады.
Университетте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Басқарма Төрағасы-ректордың шешімімен (бұйрығымен) құрылатын жұмыс тобымен жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізудің негізгі бағыты: университеттің қызметін және оның ұйымдастырушылық-басқару қызметін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарды талдау болып табылады.
Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызыметкерлері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою жөніндегі жұмыс тобына көмек көрсетуі қажет.
Комплаенс-офицер Н. Избасаров