III Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Отбасылық медицина резидентурасы: жетістіктері, мәселелері және перспективалары»
ҚАРАР
2023 жылдың 18-19 мамырында Ақтөбе қаласында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің базасында «Отбасылық медицинадағы резидентура: жетістіктер, проблемалар және перспективалар» атты ІІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция аясында ғылыми жобалар байқауы, «Отбасылық дәрігер тәжірибесіндегі емдеудің ұтымды тәсілі» дәрілік конгресі өткізілді; «Отбасылық медицина: даму келешегі» және «Бастапқы медициналық-әлеуметтік көмек көрсету аясында психологиялық-әлеуметтік қолдау көрсету» секциялары, «Ғылыми реферат жазу: конференция және толық мәтінді мақала», «Антибиотикалық терапиядағы қателер және олардың салдары» атты шеберлік класстар өткізілді. 45-тен астам баяндамалар тыңдалды.
Конференцияға қатысушылар мына мәселелерді қарастыру қажет деп санайды:
– Отбасылық дәрігерлерді резидентураға оқыту және ғылыми зерттеулер жүргізу барысында тек резиденттер арасында ғана емес, сонымен қатар клиникалық база дәрігерлері, клиникалық тәлімгерлер арасында дәрілік заттарды ұтымды пайдалануға көбірек көңіл бөлінуі керек. Бүгінгі күні теория практикаға қайшы келеді, мұнда азаматтардың тиімді және қауіпсіз медициналық препараттарды алу құқықтары жиі бұзылады;
– отбасылық және дәлеледі медицина принциптерін мен құндылықтарын ескере отырып, отбасалық дәрігерлер үшін олардың құзыреттіліктерін, сондай-ақ дәрілік заттарға қатысты ғана емес, сонымен қатар дәрілік емес, диагностикалық, профилактикалық араласуларға қатысты диагностикалық және емдеу хаттамаларын жасау. Қазіргі уақытта көптеген хаттамалар (сарапшылар хаттамаларды ұсыныс ретінде емес, құқықтық актілерді орындау үшін міндетті түрде пайдаланады) арнайы мамандардың кеңесін талап етеді, бұл отбасылық дәрігерлердің біліктілігі мен тәжірибесін дамытуға кедергі келтіреді, олардың сенімін төмендетеді, отбасылық дәрігерлер туралы пациенттер мен арнайы мамандардың арасында «диспетчер» ретіндегі бейнесін тұрақты қалыптастырады;
– бастапқы буынға жүктелген барлық міндеттерді сапалы орындау үшін МСАК командаларын күшейту және көбейту. Біз бір учаскеге үш медбике жеткіліксіз деп есептейміз, әсіресе барлық учаскелерде 100% қызметкерлер жоқ. Сонымен қатар, бүгінгі күні МСАК-те жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардың құзыреттілік деңгейі мен саны жеткіліксіз, олар өз функцияларын дұрыс атқармайды. Біз «дәрігердің көмекшісі» мамандарын енгізу орынды деп санаймыз. Бұл медбикелерді тәуелсіз қабылдауға ауыстыруға немесе оларға тәуелсіз функцияларды беруге мүмкіндік береді, дәрігерлердің күнделікті процестерін орныдауын жетілдіреді. Бұл ретте «жүктемесі азайған» отбасылық дәрігерлер заманауи ғылыми әдебиеттерді оқиды, рефлексия жасайды, кәсіби деңгейін арттырады және т.б.
– ауыр науқастарға бейресми (туысқандық) көмек көрсететін адамдарды қолдау және тану механизмдерін ұзақ мерзімді медициналық көмек көрсету жүйесінің негізгі тұлғалары ретінде, оның ішінде тиімділік тұрғысынан, ақшалай төлемдерді және/немесе белгілі бір төлемдерді қамтамасыз ету мәселелерін пысықтау;
– студенттер арасында тұрақты білім мен дағдыларды қамтамасыз ету үшін барлық клиникалық пәндер бойынша оқу бағдарламаларына паллиативтік көмек мәселелерін енгізу. Үйде науқастарға көмектесу үшін студенттер арасында волонтерлік қозғалыстар жасау. Халық арасында паллиативтік көмек алу мүмкіндіктері және науқастарды, олардың отбасыларын, сонымен қатар паллиативтік көмек көрсететін ұйымдарды қолдауға бизнес құрылымдар мен қоғамның қатысу қажеттілігі туралы ақпараттық жұмыс жүргізу. Ұсыныс қазіргі уақытта онкологиялық және онкологиялық емес бейіні бар науқастарға амбулаторлық деңгейде паллиативтік көмек көрсетудің жүйелі еместігіне байланысты. Медициналық (клиникалық) қызметкерлердің, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының мамандарының үйде көмек көрсетуді ұйымдастыру, созылмалы ауырсынуды және басқа да ауыру белгілерін диагностикалау және емдеу, МӘС құжаттарын дайындау, пациенттер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік-психологиялық қолдау бойынша жеткілікті білімі мен дағдылары жоқ.
– медициналық білім берудің алғашқы курстарынан бастап отбасылық медицинаның философиясы мен принциптерін насихаттау, жалпы білім беретін пәндермен және негізгі пәндермен, мысалы, өмір мен өлімге (философияға), адам мінез-құлқы мен қоғамға әсері (әлеуметтану, психология) т.б. мүмкіндігінше ықпалдасу.
Конференцияға қатысушылар Марат Оспанов атындағы БҚМУ басшылығына конференцияны өткізуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреді.