Резиденттерге арналған біріктірілген (интеграция) сабақ
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің психиатрия және наркология курсының базасында ассистент Ахметова Светлана Ахантайқызы мен психология кафедрасының аға оқытушысы Жұмалиева Гүлмира Сайынқызы бірлесіп психиатрия және наркология курсының резиденттеріне арналған «Алкоголизм кезіндегі тұлғаның психологиялық ерекшелігі» тақырыбында интеграциялық практикалық сабақ өткізді.
Ашық сабақта алкогольдік сараптамадан өткізу мәселелері, адам бойында маскүнемдіктің пайда болу мәселелері, тәуелділікпен күресу жолдары талқыланды. Оқытудың интерактивті және белсенді әдістері – миға шабуыл, блиц-сауалнама, клиникалық жағдайды талдау, шағын лекция, пікірсайыс арқылы конференция-сабақ өткізілді.
Сабаққа курстың, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, сонымен қатар м.ғ.к., травматология кафедрасының доценті Б.И. Көшімов және м.ғ.к., акушерлік және гинекология кафедрасының доценті Н.А. Әкімжанов қатысты.
Комиссия мүшелері біріккен сабаққа сабаққа бірауыздан оң пікірлерін білдіріп, сабақ тақырыбының өзектілігі мен өткірлігін, клиникалық жағдайда көтерілген психологиялық мәселелердің маңыздылығын атап өтті.