Біздің резиденттер жетістігі
2023 жылғы 24-25 мамырда Башқұртстан Республикасының астанасында “Теориялық және практикалық медицина мәселелері” Халықаралық қатысуымен студенттер мен жас ғалымдардың 88-ші Бүкілресейлік ғылыми конференциясы өтті.
Марат Оспанов атындағы БҚМУ КеАҚ ректоры Қалиев Әсет Әскерұлының қолдауымен біздің университеттің №2 ішкі аурулар кафедрасының резиденттері Алдонғарова Салтанат пен Айладырова Жайнагүл “Сүт безі обырын емдеуде химиотерапияның кардиотоксикалық әсерінің алдын алудың практикалық аспектілері” тақырыбында баяндама жасады. Баяндама тақырыбы PhD докторы, доцент Тлегенова Ж.Ш., PhD докторы, доцент Балмағамбетова С.К. жетекшілігімен кафедрада жүзеге асырылатын ғылыми жобаның бір бөлігі болып табылады: “Сүт безі обырының химиотерапиясынан туындаған кардиотоксикалық асқынуларды ерте диагностикалау және емдеу бағдарламасын әзірлеу”.
Резиденттер “Ішкі аурулар” секциясында баяндама жасады, бұл секцияда барлығы 21 баяндама ұсынылды. Секция қорытындысы бойынша біздің резиденттер жүлделі 1 орын иеленді. Секция төрағасы, м.ғ.к., БММУ №1 госпитальдық терапия кафедрасының доценті Рустямова З.Я. баяндамашыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етті.