Жоғары оқу университетішілік «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының қорытындысы шығарылды!
«Теориялық кафедраның үздік оқытушысы» номинациясы бойынша:
I орын – Жексенова Ажар Николайқызы;
II орын – Ермуханова Людмила Сергейқызы;
III орын – Уразаева Салтанат Тұраққызы марапатталды.
«Клиникалық кафедраның үздік оқытушысы» номинациясы бойынша:
I орын – Базаргалиев Ерлан Шаймерденұлы;
II орын – Батырова Гүлнар Арыстанғалиқызы;
III орын – Жолдин Бекболат Құлжанұлы марапатталды.
Конкурсқа қатысуға барлығы 16 үміткердің 12-сі жіберілді, олар белгіленген индикаторларға сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша 100 және одан да көп балл жинаған болатын. Сондай-ақ, конкурстық комиссия менеджмент жүйесі қызметі ұсынған «Оқытушы студенттің көзімен» сауалнамасының нәтижелерін бағалады.
Конкурстың негізгі мақсаты университеттің профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби-педагогикалық мәдениетін, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының деңгейін арттыру, кәсіби өзін-өзі жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау, оқытушылардың одан әрі кәсіби дамуына ынталандыруды арттыру арқылы ПОҚ ғылыми әлеуетінің белсенділігін ынталандыру болып табылады.
Конкурстың барлық лауреаттары ақшалай сыйақы алады: 1 орын-750 000 теңге; 2 орын – 500 000 теңге; 3 орын-300 000 теңге.
Барлық лауреаттарды «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағымен құттықтаймыз!