Хабарландыру

26.06.2023 ж сағат 14.00-де Марат Оспанов атындағы БҚМУ ректорат залында «Әлеуметтік жауапкершілік өзіңнен басталады!» атты конкурсы бойынша I, II, III дәрежелі диплом иегерлерін марапаттау және білім алып жатқан жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға арналған заманауи білім беру құралы болып табылатын оқып жатқан жастарға арналған білім беру веб-сайтының тұсаукесері өтеді.

01.05.2023 ж. – 10.06.2023 ж аралығында «Әлеуметтік жауапкершілік өзіңнен басталады!» халықаралық байқауы әлеуметтік маңызы бар тақырыпта ашықхат дизайнын әзірлеу үшін – заманауи университет студенті тұлғасының әлеуметтік жауапкершілігі тақырыбын негіздей отырып «Психология» кафедрасында «Батыс Қазақстандағы ЖОО-ғы студенттердің кәсіби даярлықтағы әлеуметтік жауапкершілігі» ғылыми жобасы аясында өткізілді.», (ЖТН AP09058126) Алматы, Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе (ҚР), Санкт-Петербург (РФ) қалаларының әртүрлі университеттері мен елдерінің студенттері белсенді қатысты. Байқаудың мақсаты – білім алып жатқан жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыратын әлеуметтік маңызы бар тақырыптары мен мазмұны бар қолдан жасалған ашық хаттар дәстүрін жаңғырту және сақтау. Үздік жұмыстар әлеуметтік хабарламасы бар ашық хаттар ретінде ұсынылып, тарату үшін жарияланады!

Онлайн қосылуға сілтеме https://zkmu.webex.com/meet/webex3