Хабарландыру
1 тамыз бен 17 тамыз арасында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасын іске асыру шеңберінде талапкерлерден құжат қабылдауды бастайды.
Жаңартылған Бағдарламада қатысушы талапкерлердің санаттары кеңейтілді:
1) ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы табысы аз отбасылардан;
2) жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
3) мүгедектігі бар адамдар;
4) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан;
5) 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;
6) 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде жараланған балалар;
7) төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары (Қордың Қамқоршылық кеңесінің шешімі негізінде).
Бағдарламаға қатысудың шекті жасы қоса алғанда 29 жас. Грант екінші жоғары білім алуға берілмейді.
Бағдарламаны іске асыру тәртібі мен шарттары
Грант беруге үміткерлердің тізімін ҰБТ-ді ағымдағы күнтізбелік жылында өткен және оның нәтижелері бойынша ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін қажетті өту балын жинаған (оның ішінде шығармашылық емтихандарды ескере отырып) талапкерлер қатарынан ЖЖОКБҰ қалыптастырады және келесі құжаттарды қоса бере отырып, ЖЖОКБҰ-ның конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасы ретінде ресімделеді.
2023/2024 оқу жылына арналған іске асыру жоспары:
ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссияларының талапкерлерден өтінімдерді қабылдау | 1–17 тамыз |
Қорға ЖЖОКБҰ-ның конкурстық комиссияларының шешімдерін және барлық растайтын құжаттарды жіберу | 22 тамызға дейін |
Гранттарды беру жөнінде Қор Басқармасының отырысы | 6 қыркүйек |
«Қазақстан халқына» білім беру гранты иеленушілерінің тізімін Қордың сайтында жария ету | 11 қыркүйекке дейін |
Шарттарды жасасу: «Корпоративтік қор-ЖЖОКБҰ» | қыркүйек-қазан |
Оқу гранттары мен стипендияларды төлеу | қыркүйек-қазан |