Білім жолымен биік мақсатқа…!

Білім күні бірінші курс студенттері үшін «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ есігін қонақжайлықпен айқара ашты.
Аққағаз Досжанова атындағы Конгресс-холлдың мерекелік безендірілген залында бірінші курс студенттерінің оқу жылын бастауға арналған салтанатты шара өтті.

Салтанатты шарада Басқарма төрағасы – университет ректоры Ә.Ә Қалиев, профессор Б.Дженалаев, профессор Р.Ерғалиева бірінші курс студенттері мен олардың ата-аналарына құттықтау сөз сөйледі.

Өзінің құттықтау сөзінде ректор Ә.Ә Қалиев студенттерді ұзақ өмір жолындағы жаңа кезеңмен құттықтап, университеттегі білім олардың әдеттегі мектептегі білімінен ерекше екенін атап өтті. Ректор Ә.Ә. Қалиев айтқандай: «Сіз өзіңіз үшін адамзатқа, қоғамға ең маңызды мамандықтардың бірін, ең асыл, сонымен қатар қиын мамандықтардың бірін таңдадыңыз.

Университет ұжымы студенттердің жаңа буынына үлкен үміт артады. Расында да, бүгінде мемлекет құнды ресурстарын ең маңызды міндеттерді шешуге – халықтың денсаулығын сақтау мен өмір сүру ұзақтығын арттыруға бағыттауда.

Студенттік жылдарда сапалы білім алу және шығармашылық даму үшін университет жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құраммен, материалдық-техникалық базамен және университет клиникаларымен, ғылыми-медициналық кітапханамен, коворкинг орталығымен, спорт кешенімен, студенттік ғылыми қоғаммен және түрлі секциялар, шығармашылық әуесқойлық үйірмелермен қамтамасыз етілген.

Бірінші курс студенттерін оқыту қиын бейімделу кезеңінен басталады, бірақ кураторлар, декандар және кафедра қызметкерлері әрқашан көмектесуге дайын.

Алдарыңызға биік мақсаттар қойыңыз, өзіңізге деген сенім болу керек. Егер сіз аянбай еібек етіп, талпынсаңыз кез келген мақсатқа жетуге болады.

Университетімізде білім алу, өсу және даму жолында нық және сенімді жүрулеріңізге тілектеспін! «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» қабырғасында қызықты да ең табысты жылдарыңызды өткізіп, мақсатқа жету жолындағы табандылық пен шыдамдылық танытуларыңызды сұраймын. Амандық, денсаулық, өркендеу және үздіксіз табыс пен қызықты студенттік өмір тілеймін!».

Салтанатты бөлім студент жастар дайындаған музыкалық нөмірлермен сүйемелденді.

Салтанатты бөлім аяқталғаннан кейін арнайы әзірленген маршрут бойынша жас студенттерге университетпен таныстыру экскурсиясын жасады.

Әрбір бірінші курс студентіне оқу ғимараттары мен кафедраларының, университеттің ғылыми-техникалық кітапханасының және басқа құрылымдарының орналасуы, студенттің әдеп кодексі, оқу процесінде қолданылатын терминологияның мағынасы және т.б. жазылған жадынамалар таратылды.

Мерекелеріңізбен, құрметті бірінші курс студенттері, кәсіби білім әлеміне қош келдіңіздер!