«Fulbright ETA» бағдарламасы
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде Университет басшылығының Қазақстандағы АҚШ елшілігінің Білім және мәдениет мәселелері жөніндегі атташесінің орынбасары Джон Оракпен, АҚШ Елшілігінің ағылшын тілі жөніндегі маманы Ольга Патеровамен және Fulbright ЕТА бағдарламасының қатысушысы Стефани Мерфимен кездесуі өтті.
Марат Оспанов атындағы БҚМУ-де 2023-2024 академиялық жылға арналған Fulbright English Teaching Assistant (Fulbright ЕТА) бағдарламасын имплементациялау мәселесі талқыланды. Fulbright ЕТА бағдарламасының қатысушысы Стефани Мерфидің атқаратын жүктемесі егжей-тегжейлі талқыланды.
«Fulbright ETA» бағдарламасы – әлемдегі ең танымал және беделді бағдарламалардың бірі. Қазақстан мен АҚШ арасындағы академиялық алмасу бағдарламалары екі жақты негізде жүргізіледі: қазақстандық ғалымдарға стипендиялар беріледі және Қазақстанда американдық ғалымдар қабылданады. Стипендиаттар Қазақстанның өңірлік жоғары оқу орындарында толық академиялық жыл бойы ағылшын тілі оқытушысының ассистенті ретінде жұмыс істейді.
«Fulbright ETA» бағдарламасы ЖОО тіл кафедраларының оқытушыларына өзінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және мәдениетаралық коммуникация тәжірибесімен алмасуға мүмкіндік береді, ал жоғары оқу орнының студенттеріне әртүрлі әдістемелік, оқу-тәрбие және оқудан тыс іс-шараларда тіл иесімен «тікелей қарым-қатынас жасау» тәжірибесінің бірегей мүмкіндігін ұсынады.
«Fulbright ETA» бағдарламасын іске асыру студенттердің шет тілдерін үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді, олардың дүниетанымын байытуға, цифрлық экономика мен жоғары технологиялық өндірістерді дамыту жағдайында болашақ мамандардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтетін құрал ретінде ағылшын тілін білудің маңыздылығын түсінуге ықпал етеді.
Өз кезегінде, бағдарламаға қатысушы қазақ және орыс тілдерін үйренуге, Қазақстанның мәдениеті мен тарихы туралы білуге бірегей мүмкіндік алады.