Медициналық ұйымдарды аккредиттеу жақындап келеді
2023 жылдың 25-28 қыркүйегі аралығында университеттің клиникалық ұйымдарын аудиторлық ұлттық аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін бағалайды.
Медициналық көмектің үш аспектісінің ішінде – сапа, қолжетімділік және баға – осылардың ішіндегі медициналық ұйымдарға жиі түсетін шағымдардың нысанасы ретінде ең өзектісі – медициналық көмектің сапасы мәселелері.
Медицинадағы аккредиттеу – бұл медициналық ұйымның халыққа медициналық көмек көрсету деңгейінің жоғары екендігін ресми растау.
Сапаны жақсарту және пациенттердің қауіпсіздігін жақсарту, оқыс оқиғалардың барлық түрлерін тіркеу бойынша үздіксіз және мақсатты шаралар медициналық қызметтер көрсету кезінде қателіктер қауіптілігін азайтады.
Аккредиттеу мүмкіндіктері: бәсекеге қабілетті ұйым болуға; халықтың сенімін нығайтуға; медициналық қызмет көрсету сапасын растау және оны жақсарту шараларын күшейтуге; қауіпсіздіктерді азайтуға (пациенттердің, қызметкерлердің, келушілердің өміріне); командада қауіпсіздік мәдениетін арттырп, қолайлы корпоративтік рухты сақтауға жол ашу.
Жоғарыдағыларға қосымша, аккредиттеудің Медициналық көмек және міндетті медициналық сақтандырудың мемлекеттік қоры шеңберінде қызмет көрсетуге мемлекеттік тапсырысты заңды түрде алуда, сондай-ақ клиникалық маманжықтарға мамандар даярлау мен біліктілігін арттыру үшін мемлекеттік тапсырыс беруде аккредиттеудің артықшылықтары мол.
Аккредиттеу – ұйымдағы бірқатар процестер мен көрсеткіштерді бағалау және бағалау нәтижесі бойынша белгілі бір мәртебе беру.
Стандарттардың сәйкестігін сараптамалық топ бағалайды: құжаттар негізінде (ережелерді, нысандарды және жазбаларды қарау); қызметкерлерге сауалнама жүргізу арқылы (жеке сұхбат сессиялары немесе раундтар кезінде); жеке бақылау арқылы; тракерлермен (пациентке медициналық көмек көрсетудің әртүрлі кезеңдерін мақсатты түрде қадағалау немесе медициналық ұйымның әртүрлі бөлімшелерінің қызметкерлері қатысатын өзара байланысты процестерді бағалау).
Дайындық кезеңінде медицина қызметкерлері мен педагогикалық ұжым Ұлттық аккредиттеу орталығының маманы жүргізген аудиттің қорытындысы негізінде анықталған кемшіліктер мен проблемаларды жою бойынша Жол картасын әзірлеп, жүйелі түрде шешімін тапты.
Аккредиттеу сертификаты – сапа мен қауіпсіздік көрсеткіші!
Аккредитацияға сәттілік!