Джиу джитсу мен грэпплингтен 2 дүркін күміс жүлдегері

“Стоматология” факультетінің  408 тобының 4 курс студенті Шайдуллаев Шадияр джиу джитсу мен грэпплингтен 69 келі салмақ дәрежесінде 2 дүркін күміс жүлдегер атанды.

16-17 қыркүйекте Башқұртстанның Уфа қаласында, Ресейде бразилиялық джиу джитсу мен грэпплингтен ATP халықаралық турнирі өтті. Медаль үшін 5 елден 400-ден астам спортшы бақ сынасты.

Джиу-джитсу – жапондық жекпе-жек өнерінің ұжымдық атауы, оның ішінде қару-жарақпен және онсыз жұмыс істеу; қоян-қолтық ұрыс өнері, оның негізгі қағидасы “жұмсақ”,” иілгіш ” қозғалыс техникары.