Француз бизнес құрылымдарымен іскерлік ынтымақтастық
Парижде екі күндік «Француздық денсаулық сақтау инновациялары және бизнес форумы 2023» (бұдан әрі – Форум) аяқталды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінен жасақталған делегация құрамында «Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КЕАҚ Басқарма төрағасы – ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор А.А.Қалиев болды.
Сапар мақсаты: жұмыс тәжірибесін зерделеу, іскерлік байланыс орнату, инвестиция тарту.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі өңірлерде университеттердің қатысуымен және кәсіпорындарды (Ақтөбентген, фармацевтикалық компаниялар) тарта отырып, биотехнологиялық кластер құруды тапсырған болатын.
Қысқаша анықтама. Биотехнологиялық кластер – бұл белгілі бір географиялық аймақта биология ғылымдары саласындағы медициналық білім инфрақұрылымының да, білім мен жаңа өнімдер өндірісінің негізгі элементі болып табылатын мамандандырылған фирмалардың бәсекеге қабілетті өңіраралық және салааралық тобы.
Форумда «Қатерлі ісікке қарсы күрестегі египет-француз ынтымақтастығы» тақырыптарында бірқатар конференциялар өтті. Денсаулық сақтау саласындағы Француз инновациялық бизнес форумының жеңімпаздары; Сауд Арабиясы Корольдігінің баяндамалары. Египет, Қазақстан, Өзбекстан және т.б. ауқымды баяндамалар жасалды.
Сондай-ақ «Дұрыс тамақтанбаумен күресу»; «Кардиометаболикалық аурулардың алдын алу: жаһандық төтенше жағдай»; «Африкадағы фармацевтикалық индустрияны жандандыру» секілді тақырыпты қамтыған конференциялар орын алды.
Форумның маңызды бөлігі компаниялармен байланыс орнатуға арналды. Университет ректоры А.А.Қалиев бірқатар ірі компанияларды аралап, танысты. Мысалы: «АМЕРИКАЛЫҚ HOSPITAL OF PRISE» (онкология, балалар хирургиясы, неонатология, физиотерапия, ішкі аурулар, кардиология, неврология, ортопедия және сәулелік терапия және гинекологтар мен репродуктологтардың дүние жүзіне танылуы бойынша Еуропадағы жетекші медициналық орталықтардың бірі); DMS IMAGING (негізінен сандық радиология және сүйек денситометриясы үшін медициналық бейнелеу жүйелерін әзірлеу, жобалау және өндіру); FABENTECH (жоғары басым биологиялық агенттермен күресу үшін поликлоналды антиденелері бар препараттарды әзірлеу және өндіру); GENCOVERY (биотехнологиядағы цифрлық трансформацияға арналған цифрлық платформа) және денсаулық сақтау»; «KIRO» (жекелендірілген және пациенттерге қатысты медициналық биологияға жаңа көзқарасты бірлесіп әзірлеу үшін клиникалық биологтармен, дәрігерлер және медициналық сарапшылармен тығыз серіктестік»; «VIRTUALY SURG» (хирургиялық оқытудың жаңа буыны: а) виртуалды операциялық бөлмеде жұмыс істеудің бірегей, шынайы тәжірибесі) тағы да басқа ірі кәсіп орындарды аралап, танысты.
Форум бағдарламасының қарбалас кестесі арасында уақыт тауып Қазақстан Республикасының делегациясы инвестиция тарту мүмкіндіктері бар бірқатар бизнес-жобаларды қарастырды, компаниялармен іскерлік байланыстар орнатты, бірлескен меморандумдар әзірлеу туралы келісімге келді.
Форум іскерлік, танымдық режимде өтті.