2024 жылға арналған ғылыми жұмыстарды гранттық қаржыландыру байқауы
“Марат Оспанов атындағы БҚМУ” КеАҚ өз қаражаты есебінен қаржыландырылатын іске асыру мерзімі 12, 24, 36 ай (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер) 2024 жылға арналған ғылыми жұмыстарды гранттық қаржыландыру байқауы
«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» Коммерциялық емес Акционерлік Қоғамы Университеттің өз қаражаты есебінен қаржыландырылатын іске асыру мерзімі 12, 24, 36 ай (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер) 2024 жылға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарын гранттық қаржыландыруға арналған байқау өткізу туралы жариялады келесі бағыттар бойынша:* биотехнология,* биомедицина,* өмір және медицина туралы ғылым,* медициналық білім. Конкурстық өтінімдер “Марат Оспанов атындағы БҚМУ” КеАҚ жіберіледі электронды түрде grant.wkmu@zkmu.kz почтасына және қағаз түрінде Ғылыми – аналитикалық жұмыстар бөліміне мына мекенжай бойынша: “Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті” КеАҚ. Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 66. 1 корпус, кабинет 104. Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласыңыз: +7 (7132) 55-18-08.
Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 29 қыркүйектен басталады.
Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі – 2023 жылдың 29 қазаннан (қоса алғанда).