Ғылыми тағылымдамадан өту туралы
2023 жылдан бастап “Марат Оспанов атындағы БҚМУ” КеАҚ психология кафедрасында іске асырылып жатқан “Оценка социально-психологических возможностей интенсивного роста благополучия обучающейся молодежи в Западном Казахстане” ЖТН АР19678139 ғылыми жобасы шеңберінде (ҚР ҒЖБМ Ғылым Комитетінің гранттық қаржыландыруы) жетекші зерттеушілердің профессор М.А.Бонч-Бруевич атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік телекоммуникация университетінде (Санкт-Петербург қ., Ресей) ғылыми тағылымдамасы ұйымдастырылды (Книсарина М. М., Миралеева А. И., Сыздықбаева А.Д.).
Тағылымдаманың мақсаты университетте кәсіптік даярлық жағдайында білім алушылардың әл-ауқатының қарқынды өсуінің әлеуметтік-психологиялық жағдайларын талқылау болды. СПМТУ әлеуметтік-тәрбие жұмысының мәдени-ағартушылық аспектісін “СПМТУ мұражайы” МАО бастығы Сабина Владимировна Дерипаско атап өтті. Саяси ғылымдардың кандидаты, жастар саясаты және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Журавлева Нина Николаевна студенттердің әл-ауқатының өсуіне қолайлы жағдай жасау бойынша университеттің табысты әлеуметтік тәжірибесі туралы ақпаратпен бөлісті.
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру орталығының бастығы Веберова Ирина Игоревнамен, тәрбие және әлеуметтік жұмыс басқармасының бастығы Алексеенко Ирина Альбертовнамен, психологиялық қызметтің жетекшісі Дворникова Ольга Федоровнамен танысып, білім алушы жастарды өзіне ыңғайлы жағдайда тәрбиелеудің кәсіби тәжірибесімен бөлісті.
Білім алушы жастардың әл-ауқатының қарқынды өсуінің әлеуметтік-психологиялық мүмкіндіктерін бағалау мәселелері бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты,профессор М.А. Бонч-Бруевич атындағы СПМТУ ШжОТ кафедрасының доценті Тенеряднова Светлана Павловна кеңес берді.
Марат Оспанов атындағы БҚМУ атынан ғылыми ынтымақтастығы үшін Александра Владимировна Соловьеваға, профессор М. А. Бонч-Бруевич атындағы СПМТУ халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы Нина Николаевна Журавлеваға, Светлана Павловна Тенерядноваға және жоба аясында ұйымдастырылған халықаралық конкурсқа қатысушы студенттерге алғыс сөздер айтылды.