Қонақ – облыс әкімінің орынбасары

Бүгін достық сапарымен университетке Батыс Қазақстан медицина академиясының бұрынғы түлегі, медицина ғылымдарының кандидаты, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғ.А. Елеуов келді. Сапар барысында Ғалымжан Алмасбекұлы студенттермен және университет басшылығымен кездесіп, Басқарма төрағасы – Ректор, медицина ғылымдарының докторы, профессор А.Қалиевпен бірге біқатар кафедралар мен оқу кабинеттерін, жаңа Тестілеу орталығын аралады.

Облыс әкімінің орынбасары Ғ.А.Елеуов студенттерге кәсіби табыс, шыдамдылық пен алға қойған мақсаттарына жету жолында табандылық тіледі.

Сонымен қатар, жаңадан ашылған «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша оқу кабинеттерінің жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Пікір алмасу, туындаған мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.