«Университеттің ПОҚ «Ақтөбе-Астана» академиялық ұтқырлығы» бағдарламасы аясында педагогикалық тәжірибе алмасу
Қазан айының 18.10-24.10.2023 аралығында «Педагогикалық кадрлардың академиялық ұтқырлығы» бағдарламасы аясында Марат Оспанов атындағы БҚМУ-дің медициналық және биологиялық химия кафедрасының аға оқытушысы Бесімбаева Ж.Б. «Астана Медицина университеті» жалпы химия және биологиялық химия кафедрасында шығыс академиялық ұтқырлығын жүзеге асырып қайтты.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасының мақсаты – ЖОО оқытушыларының бәсекеге қабілеттігін арттыру, педагогикалық тәжірибе алмасу.
Бесімбаева Ж.Б. жұмыс барысында 2 курс «Жалпы медицина» (қазақ тілінде) және «General Medicine» (ағылшын тілінде) топтарында «Биологиялық химия» пәнінен ашық тәжірибелік сабақтар жүргізіп, педагогикалық тәжірибемен бөлісті. Сабақ барысында оқытудың инновациялық әдістерін пайдаланып, студенттермен пікір таластар жүргізілді. Жұмыс барысы аясында жалпы химия және биологиялық химия кафедрасының жетекшісі, х.ғ.к. Сапиева А.О. және х.ғ.д., профессор Сейтембетовпен Т.С. кездесу ұйымдастырылып, кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысымен, зертханалық жабдықтарымен танысты.
Профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру еліміздің медициналық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғалымдары арасындағы достық және іскерлік қарым-қатынасты кеңейтуге мүмкіндік береді, оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттырады, сабақ беру әдістемесін жақсартады.
Тәжірибе алмасу соңында екі тілде академиялық ұтқырлықты өткізгендігі туралы сертификат табысталды.