Таэквондодан облыстық ашық турнир

4-5 қарашада «Жастар Арена» спорт кешенінде таэквондодан ATF облыстық ашық турнир өтті. Жарысқа Ақтөбе облысының құрамасы қатысты. Оған Марат Оспанов атындағы БҚМУ студенттері, Қарағанды, Алматы, Астана қалаларының спортшылары, сонымен қатар көршілес Орынбор облысынан келген чемпионат қонақтары да қатысты. Турнирде 300-ден астам қатысушы бақ сынасты. Университет студенттері жалпыкомандалық спаррингте І орынды иеленіп, кубок және медальдармен марапатталды.

Жеке біріншілікте 69 келі салмақ дәрежесінде Данна Сугурбаева І орынды, 103 педиатрия. Анжелла Боранбайқызы 51 келі салмақта ІІ орынды, 136 медицина. 45 келі салмақта ІІІ орынды Альвина Зарипова иеленді, 147 медицина.

Университет намысын қорғаған студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!