Жедел көмек көрсетілді
1-2 қараша күндері университетіміздің балалар хирургиясы кафедрасының профессоры Сағидулла Досмағамбетов 2 жасар балаға жедел дәрігерлік көмек көрсету үшін Атырау облыстық балалар ауруханасына шақыртылды. Профессор баланың оң жақ қолқасының окклюзиясы және жедел іріңді деструктивті пневмониясы мен пиоторакс пен сепсис диагнозы бойынша емдом жасады. Нәрестенің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.
Бүгінде оқу орнымыздың білікті профессор-оқытушылар құрамы, резиденттер мен интерндеры Батыс Қазақстан өңірінің облыс, аудан және ауылдық жерлеріндегі 68 медициналық мекемесіне тұрақты түрде практикалық көмек көрсетеді.