Тәжірибесімен бөлісті
SCOME тұрақты комитетінің ұйымдастыруымен «Accreditation and Quality Assurance» атты шара өтті. Мақсат — университеттегі білім беру бағдарламаларын аккредитациялау не үшін өткізіледі, білім беру бағдарламаларын өзін-өзі бағалау және аккредитациялау үдерісіне білім алушылардың қатысуы мен рөлін түсіндіру.
Білім беру бағдарламаларын институционалдық және мамандандырылған аккредитациялауды ұйымдастыру мен жүргізуде іс-тәжірибесі мол білікті маман, медициналық және биологиялық химия кафедрасының аға оқытушысы Нұржиян Ермұханбетова ұзақ жылғы тәжірибесімен бөлісті, ақыл-кеңесін айтып, студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Шара соңында студенттер негізгі медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредитациялау стандарттары және нұсқаулықтарымен танысып, Нұржиян Даленқызына алғыстарын білдірді.