Кафедра күні
8 қараша күні ғылыми-медициналық кітапханасында қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасының күні өтті.
Л.Ермұханованың жетекшілігімен кафедраның барлық оқытушылары қоғамдық денсаулық, менеджмент, маркетинг және т.б. пәндері бойынша әдебиеттермен үш тілде танысты. Шараға практикалық денсаулық сақтау өкілдері, Отбасылық медицина орталығының бас медбикесі И.Калян қатысты.
Кітапхана қызметкерлері қажетті пәндер бойынша барлық басылымдарды көрсетіп, соңғы жаңалықтармен таныстырды және оларды жан-жақты зерделеуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, электронды оқырман билетін қалай пайдалану керектігі көрсетіліп, «Дәрігер кеңесшісі» электронды медициналық кітапханасына тіркелді.
Кафедра қызметкерлері кітапханадан өздеріне қажетті мол ақпарат алып, алғыстарын білдірді.