Ақтөбе облысы тұрғындарының денсаулығы және қоршаған орта
Кәсіби аурулар мен гигиеналық пәндер кафедрасында қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің 4-курс және Қ.Жұбанов атындағы АӨУ клиникалық психология факультетінің 3-курс студенттері және кафедра ұжымы Ақтөбе облысы экология басқармасының кеңесшісі Жасұлан Бекмұхамбетовпен кездесті.
Соңғы 10 жыл ішінде біздің кафедра Ақтөбе облысының Экология және қоршаған орта Департаментімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. “Қоғамдық денсаулық сақтау” факультеті деканатының қолдауымен жыл сайын департамент қызметкерлерімен студенттер және профессор-оқытушылар құрамы арасында кездесулер өткізіледі, “Қоғамдық денсаулық сақтау” факультетінің 4 курс студенттері қаламыздың ірі кәсіпорындарына (АТБЗ, «ТНК «Казхром» АҚ, “Ақбұлақ” АҚ, Ақтөбе КОС және т. б.) барады.
Кездесу барысында ” Ақтөбе облысы тұрғындарының денсаулығы және қоршаған орта” атты баяндама тыңдалды, онда Ақтөбе облысының штаттан тыс бас экологы Ж.Бекмұхамбетов біздің облыстағы экологиялық жағдай, техногендік факторлардың әсер ету нәтижесінде қоршаған ортадағы өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Презентация көрсету барысында баяндамашы облысымызда шоғырланған негізгі кәсіпорындардың рөлін атап өтті, слайдтар көрсетті, онда облысымыздың қоршаған ортасының ластануының негізгі көздері болып табылатын мекемелерге тоқталды.
Баяндама біткеннен кейін студенттер өздерін қызықтырған мәселелерге тоқталып, сұрақтар қойды және оларға толық жауаптар алынды.