Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар
Эпидемиология кафедрасының доценты Айша Уразаева академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 06.11.-10.11.2023 жыл аралығында Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтының (Ташкент, Өзбекстан) «Қоғамдық денсаулық сақтау, денсаулық сақтау және дене шынықтыру басқармасы» кафедрасында болды.
Кафедрада “БМСК жанындағы эпидемиологиялық қадағалау” тақырыбында командалық-бағыталған оқыту әдісін (Team-based learning) қолдана отырып, практикалық сабақтар өткізілді. Медициналық ұйымдағы санитарлық-эпидемияға қарсы режим.
Медициналық ұйымдағы ЖМК алдын алудың негізгі бағыттары” тақырыптарында 4 курс, 401 С тобының студенттері үшін, сондай-ақ 4 курс, 401 Б тобының студенттері үшін практикалық сабақтар жүргізді.
Сонымен қатар, кафедра басшысының м.а. бірлесіп, осы кафедра қызметкерлерімен командалық-бағыталған оқыту әдісін (Team-based learning) қолдана отырып сабақ өткізу үшін әдістемелік ұсынымдар әзірледі. Ташкент медицина академиясының эпидемиология кафедрасында болып, одан әрі ынтымақтастық үшін кафедрамен танысты.
Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтының Ғылым жөніндегі Проректорымен кездесіп, атқарған жұмыстар мен болашақ өзара ынтымақтастықты талқылады. Ғылым жөніндегі проректор университетіміздің ректоры А.Қалиевке ұзақ және жемісті ынтымақтастық, серіктестік қатынастарды жоғары кәсіби деңгейде өтіп жатқандығы туралы алғысын білдіреді.