Ағылшын тілінде сөйлеу клубы кездесулері
Университетте оқытушылар мен қызметкерлердің ағылшын тілінде сөйлеу қабілетін дамыту мақсатында «English speaking club» ұйымдастырылуда. Ағылшын тілінде сөйлеу клубы университетімізге «Fulbright» бағдарламасы бойынша келген Stephany Murphy Linn (Джорджия, АҚШ) қатысуымен өтікізіліп жатыр.
Ағылшын тілінде сөйлеу клубы — бұл еркін форматтағы кездесулер, онда достық атмосфера орнаған және қызықты тақырыптар талқыланып, өз пікіріңізді шет тілінде жеткізуге ықпал етеді.
Ағылшын тіліндегі әңгімелесу клубының отырыстарында гистология, патологиялық физиология, психиатрия және наркология курсымен неврология, кәсіптік аурулармен гигиеналық пәндер, неврология, патологиялық анатомия, эпидемиология, қалыпты физиология, ішкі аурулар пропедевтикасы, терапевтикалық және ортопедиялық стоматология, жалпы хирургия, медициналық және биологиялық химия, №2 ішкі аурулар, оториноларингология, офтальмология, №1 жалпы дәрігерлік практика, дәлелді медицина және ғылыми менеджмент, сонымен қатар университеттің басқа да құрылымдық бөлімшелері қатысып отырады.
«English speaking club-қа» келуге үлгермеген қызметкерлер үшін клубтың жұмыс кестесін еске саламыз: апта сайын сағат 15.00-16.00, сейсенбі (алғашқы деңгейлер үшін), бейсенбі (орта және жоғары деңгейлер үшін) академиялық сапа бөлімі 5-қабат, оң қанат.