Электрондық кітапхана жұмысын түсіндірді
Қараша айының 17 жұлдызында №1 жалпы дәрігерлік практика кафедрасының қызметкерлері кафедра басшысы, медицина ғылымдарының кандидаты А.Сейпенованың жетекшілігімен университеттің ғылыми-медициналық кітапханасында «Кафедра күніне» арналған іс-шара өткізді.
Оған практикалық денсаулық сақтау саласының дәрігерлері, отбасылық медицина клиникасы бас дәрігерінің орынбасары Г.Изимова және жалпы практика дәрігері А.Жбанова шақырылды. Мақсат — университет кітапханасы жағдайында өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру, ресурстармен, оның құрылымымен танысу, электронды каталогта және кітапхана сайтында құжаттарды іздеу, электрондық ресурстарға тіркеу болып табылады.
Кітапхана қызметкерлері кафедра қызметкерлерін кітапхана қорымен таныстырып, әрбір қызметкерді электрондық ресурстарға тіркеді және электрондық кітапхананың жұмысын түсіндірді.
Электрондық ресурстарға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі «Эпиграф», «Дәрігер кеңесшісі» және «Студент кеңесшісі», «Букап», «IPR books» электронды кітапхана жүйелері кіреді. Олардың ішінде оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар, оқылатын пәндер бойынша практикалық нұсқаулықтар, «Access medicine» ағылшын тіліндегі дереккөз-оқулықтар, суреттер, медицина саласы бойынша аудио және бейне материалдар бар. Кездесу кафедра қызметкерлері мен шақырылған қонақтарға электронды ресурстарды пайдалануға, оларға қашықтықтан қол жеткізуге, сонымен қатар студенттер мен дәрігерлерге электронды кітапхананы пайдалануға зор мүмкіндік берді.