Тәжірибеге бағытталған оқыту
Бүгінде бүкіл әлемде және біздің елімізде “тәжірибеге бағытталған оқыту” ұғымы енгізілуде. Бұл ұғым кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға баса назар аудара отырып, білім беру бағдарламасын, пәнді немесе циклды игеру процесін білдіреді. Медициналық білім беру үшін тәжірибеге бағытталған білім болашақ және қазіргі дәрігерлер жұмысының ерекшелігіне байланысты өте маңызды. Мұндай оқыту процесінде студенттер нақты міндеттерді шешіп қана қоймай, сонымен қатар оның практикалық қызметінде қажет болатын білімдерді, дағдылар мен құзыреттерді игереді. Тәжірибесіз кез-келген білім беру бағдарламасы қызықсыз және тиімсіз болады.
№2 ішкі аурулар кафедрасында тек интерндер мен резиденттер ғана емес сонымен қатар кафедра оқытушылары түрлі мамандықтағы практикалық дәрігерлер үшін біліктілікті арттыру циклдарын үнемі өткізеді, онда практикалық бөлім теориялық бөлімнен кем емес көңіл бөледі.
6-17 қазан күндері аралығында кафедрада терапевттер, отбасылық дәрігерлер, кардиологтар үшін «Терапияның таңдалған мәселелері» атты біліктілікті арттыру циклі өтті. Цикл бағдарламасы ішкі медицинаның барлығы дерлік салаларын қамтыды: кардиология, пульмонология, гастроэнтерология, эндокринология, гематология.
Кафедра оқытушылары теориялық бөлімді интерактивті форматта өткізіп, терапевттердің, отбасылық дәрігерлер мен кардиологтардың тәжірибесінде жиі кездесетін ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи көзқарастарына тоқталды. Оқытудың практикалық бөлігіне маңызды мән беріліп, онда курсанттар алған білімдерін нақты клиникалық жағдайда нақты практикалық мәселелерді шешу арқылы практикада қолданды. Сондай-ақ пациенттерді тексеру және клиникалық талдаулар жүргізді.
Оқытудың бұл тәсілі курсанттардың қызығушылығын тудырып, алған білімдерін түсінуге және өздерінің кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға мүмкіндік берді.