Негізгі мақсат — Үздік тәжірибелер орталығын құру
Отбасылық медицинаның университеттік клиникасы халыққа МСАК көрсетудің негізгі бөлігі ғана емес, сонымен қатар студенттерді, интерндерді, резиденттерді даярлауға арналған оқу базасы болып табылады.
Өткен жылдың қыркүйек айында «Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КЕАҚ және «Primary Health Care» ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Іскерлік ынтымақтастық университет емханасының базасында Үздік тәжірибелер орталығын (бұдан әрі — ООК) құруға бағытталған. Ынтымақтастықтың өткен кезеңінде МСАК дамытып, жетілдіру, кадрларды даярлау, жаңа инновациялық технологияларды енгізу, мультидисциплинарлық команда құрамында жұмысты ұйымдастыру (дәрігер, медбике, әлеуметтік қызметкер, психолог, салауатты өмір салты бойынша маман) жұмыстары бойынша маңызды бөлігі орындалды.
Науқастармен кері байланысатын заманауи Сall-орталығы, отбасын жоспарлау кабинеті, әйелдер мен ерлерге арналған жеке тексеру кабинеттері, қарттарға арналған «Ұзақ өмір сүру мектебі» ашылып, құрылған құрылымдар дайындалған мамандар және қажетті жабдықтармен жабдықталған. Бірқатар бөлмелерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті жиһаздармен қамтамасыз етілді. «2022-2023 жылдарға арналған МСАК ғылыми-практикалық орталығы ретінде отбасылық медицина клиникасын дамытудың Жол картасы» әзірленді.
Мамандардың мультидисциплинарлық командасының жұмысына инновацияларды дайындау және енгізу бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетумен және дәрігерлерге, медбикелерге, кафедралық қызметкерлерге, әлеуметтік қызметкерлерге, психологтарға, экономистерге арналған оқыту семинарларын ұйымдастырумен «РНС» сарапшыларының алдын ала талдауы, резиденттермен және интерндермен семинар-кездесулер, халықпен кездесулер барлығы үздік тәжірибелер орталығының жаңа форматын құруға бағытталды.
Сапалы білім беру процесын қамтамасыз ету үшін клиникалық кафедралар: №1 Жалпы дәрігерлік практика, №2 Жалпы дәрігерлік практика және отбасылық медицина, емдеу және алдын алу үдерістеріне тікелей қатыса отырып, әлемдік деңгейге сәйкес енгізілген озық инновациялық технологияларды тәжірибеде зерделеу мүмкіндіктерімен күн сайын кемінде 45 студент пен резидент қатысатын ЖММ-ге ауыстырылды. Таяуда жалпы практика дәрігерлерінің, дербес мейірбикелік қабылдау мамандарының жаңа форматын дайындауда оқу, ғылыми базаға айналатын, МСАК-ты жүргізілген жаңғырту негізінде денсаулық сақтау қызметтерін интеграциялаудың практикалық мүмкіндіктерін көрсетуде, халықаралық деңгейдегі отбасылық дәрігерлер мен медбикелердің құзыреттерін кеңейтуде КЖО базасында озық ООК ашуға мүмкіндік беріледі.
Тұрғындар үшін Үздік тәжірибелер орталығы қолжетімділікті, қауіпсіздікті және өмір сүру сапасы мен ұзақтығын арттырып, салауатты өмір салтын жүргізуге, өз денсаулығы үшін жауапкершілікті қалыптастырады.