Профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы
Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының оқытушылары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушыларымен ынтымақтастық аясында 2023 жылғы 30 қазан мен 10 қараша аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша сабақтар өткізді.
Жаратылыстану ғылыми пәндері кафедрасының аға оқытушысы Дарига Есмуханова 6B06103-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 6B01502-«Физика», 6B01501-«Математика», 6B03101-«Психология», 6B01404-«Дене шынықтыру және спорт», 6B02102-«Дизайн», 6B03102-«Клиникалық психология» ОБ 1-курс студенттеріне және жаратылыстану ғылыми пәндері кафедрасының оқытушысы Дана Сақыпованың 6B01501-«Математика», 6B01404-«Дене шынықтыру және спорт», 6B01502-«Физика», 6B02102-«Дизайн», 6B01401-«Музыкалық білім», 6B11102-«Мәдени-тынығу жұмысы», 6B01405-«Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау», 6B07207-«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы», 6B03102-«Клиникалық психология» ОБ 1-курс студенттеріне ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәні бойынша Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің сабақтарын офлайн форматта сабақ өткізді.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде өзара алмасу мақсатында 30 қазанынан 10 қараша аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Бибигуль Шамишева 6B10103-«Сестринское дело», 6B10104- «Военная фармация», 6B10105-«Стоматология», 6B10104-«Фармация» ОБ 1-курс, 6B10101-«Қоғамдық денсаулық сақтау» ОБ 2-курс студенттеріне және информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушысы Айшат Медеуова 6B10105-«Стоматология», 6B10104-«Әскери фармация» ОБ 1-курс студенттеріне ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәні бойынша сабақтарын аралас форматта өткізді. Сабақтарды өткізу барысында оқытушылар оқытудың түрлі әдістерін пайдаланды. Компьютер, интерактивті тақта, интерактивті экран сияқты интерактивті құралдармен сабақ өткізді.
Сондай-ақ, академиялық ұтқырлық шеңберінде денсаулық сақтауды дамыту қажеттіліктерін қанағаттандыру және ғылыми міндеттерді орындау мақсатында Қ.Жұбанов атындағы АӨУ жанындағы информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасымен және қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасымен БҚМУ базасында денсаулық сақтауда IT бойынша бірлескен ҒТП өткізу жоспарланды.
Ішкі академиялық ұтқырлық оқытушыларға жаңа оқыту әдістері мен дағдыларына қол жеткізуге және өзге оқытушылармен тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік берді.