Жатақханалар арасындағы спартакиада

«Жастар Арена» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жатақханалар арасындағы спартакиада аясында шешуші шағын футбол ойындары өтті.

Шараның жабылу рәсіміне оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Нұргүл Әбенова қатысып, қатысушыларды жарыстың жабылуымен құттықтады. 20-28 қараша аралығында ұйымдастырылған апталық жарыстар үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, волейбол және шағын футболдан өтті. Барлық командалар медальдар, Мақтау қағаздары және сыйлықтармен марапатталды.

Рәсім соңында байқаудың қорытындысы шығарылып, орындар ұпайлар бойынша төмендегідей бөлінді.

1-орынды 5-жатақхана (1, 2-блок)

2-орынды 2-жатақхана (Тургенев)

3-орынды 5-жатақхана (3, 4-блок)