Оқытушы жұмысындағы цифрлық құралдар
Тілдер кафедрасынының аға оқытушылары Г.Алдашева және А.Абдиргазиева «Цифрлық құралдар және заманауи білім беру технологиялары білім беру сапасын арттыру ресурсы ретінде» атты оқыту шеберлік класын өткізді. Оған БҚМУ, Ақтөбе қаласының медициналық және гуманитарлық колледждерінің, орта мектептердің оқытушылары қатысты.
Шеберлік класс қатысушылары оқу үрдісін қолдау үшін құрылған LearningApps.org. тегін онлайн-сервиспен танысты. Бұл қосымша тапсырмалардың дайын шаблондарын пайдалануға, сондай-ақ олардың негізінде интерактивті жаттығулар жасауға және оларды оқу материалдарының жеке банкте орналастыруға мүмкіндік береді, себебі өте ыңғайлы. Сіз жаттығуларды әртүрлі кезеңдерде және әртүрлі мақсаттарда пайдалана аласыз: жаңа материалды түсіндірген кезде бекіту, тренинг және бақылау кезеңдерінде.
Аталмыш қызмет артықшылықтарының ішінде қарапайым және қолдануға ыңғайлы интерфейсті, онда 22 тілдің бірінде жұмыс жасау мүмкіндігін (сайттың орыс тіліндегі нұсқасы бар), дайын ресурстарға және тіркелмеген пайдаланушыларға қол жетімділігін, санаттар (пәндер) және жас кезеңдері бойынша материалды іздеуін, кейбір шаблондарды суреттермен, дыбыспен және бейнемен жұмыс жасауға қолдау көрсетуін, тапсырманың дұрыстығын жедел тексеруін, өз сайттарында (блогтарында) құрылған жаттығуларды жариялау мүмкіндігін, студенттермен тапсырмаға сілтемені бөлісу мүмкіндігін атап өткен жөн.
Шеберлік класта тағы бір қосымша — Poll Everywhere.соm. ұсынылды. Бұл білім алушылардың сауалнамасын, дауыс беруін және тестілеуін ұйымдастыру құралы. Студенттер тапсырмаларға ноутбуктерден, планшеттерден және телефондардан жауап бере алады. Сонымен қатар, қызметті сайтта да, PowerPoint, Google Slides және басқа бағдарламаларда қосымша ретінде де пайдалануға болады.
Оқу үрдісінде интерактивті ресурстарды қолдану тәжірибесі бұл — білім беру процесіне қатысушылардың әлеуетін ашудың жаңа мүмкіндіктері. Әр түрлі цифрлық білім беру платформаларын кеңінен қолдану оқу сапасын жақсартады. Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, оқу атмосферасына қатыса отырып, біз студенттерімізді де өзін-өзі дамытуға ынталандырамыз.