Біліктілік арттыру курсы
Гистология кафедрасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы сот сарапшылары үшін зертханалық диагностика және мейірбике ісі мамандықтары бойынша орта білімі бар мамандардың біліктілігін арттыру курсын өткізуде.
Курс тыңдаушылары еліміздің әр өңірлерінен, атап айтсақ, Астана, Алматы, Ақтөбе қалалары, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Маңғыстау, Абай облыстарынан келді. Оқытудың ұзақтығы: 120 оқыту сағаты (4 кредит). Біліктілік арттыру курсын гистология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы жүргізуде.
Оқыту төменде көрсетілген негізгі 3 бағыт бойынша тақырыптардан тұрады. «Сот-гистологиялық» бағыты бойынша 10 адам. «Гистологиялық зертханалық диагностиканың заманауи әдістері». «Сот-биологиялық» бағыт бойынша 10 адам: «Сот-биологиялық зертханалық диагностикадағы инновациялық технологиялар». «Мейірбике ісі» бағыты бойынша 11 адам: «Сот-медициналық сараптамаларды (жалпысараптамалық бағытта) жүргізудегі мейірбикелердің жұмысы бойынша өзекті мәселелері».
Оқытудан өту қорытындысы және тестілеу нәтижелері бойынша қатысушыларға оқыту курсынан өткенін растайтын құжат Сертификат табысталады.