Паталогиялық физиология модульдерін ТДО-дағы жаңашыл технологиямен меңгеру
Паталогиялық физиология кафедрасында барлық факультеттердің қазақ, орыс, ағылшын топтарының 3-курс студенттері 27 қараша-1 желтоқсан аралығында алғаш рет Тәжірибелік дағды орталығымен бірлесе ұйымдастыруымен студенттерге патологиялық физиология модулінің теориялық және практикалық дағдыларын арттыру мақсатында сабақтар өтті. Студенттерге теориялық бөлім, практикалық бөлім және ауруларға қатысты бейнороликтер қамтылған «BOTKIN» программасы негізінде жүргізілді.
«BOTKIN» бағдарламасының негізгі мақсаты — студенттерге аурулардың этиологиясы мен патогенезін таныстырып, даму механизмін көрсету арқылы білімдерін шыңдау.
«BOTKIN» бағдарламасы арқылы студенттер күнделікті танысып жүрген ауру түрлерінің патофизиологиялық механизмін көріп, әр аурудың патогенезін өз ойында елестете алатындай дағды қалыптастырды.
Студенттерге бұл жаңашыл технология — болашақта кәсіби біліктілікті жетілдіру үшін үлкен бастама.