Мақсат — ЖИТС-тың алдын алу
Халықаралық медицина факультетінің 151 АБ тобының студенттеріне арналған тілдер кафедрасының оқытушысы Д.Даулетованың «AIDS is a disease of the 21 century» ақпараттық сағаты ұйымдастырылды.
Мақсат — студенттердің адам организміндегі иммун тапшылығы вирусының шығу тегі, оның берілу жолдары, аурудың ағымы, қорғану әдістері туралы түсіндіру. АИТВ жұқтыру мүмкіндігімен байланысты мінез-құлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.
Студенттер бейнеролик көріп, фильм студенттерді Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күнінің тарихы, ЖИТС-пен күрестің халықаралық символы «қызыл лента» пайда болу тарихымен таныстырды.
Іс-шара презентация көрсетілімімен қатар жүрді. Барлық студенттер мәселені талқылауға белсене қатысып, ЖИТС проблемасы туралы пікірлерін ортаға салды. Соңында интерактивті ойын өткізіліп, ойын элементтерінің көмегімен студенттер қиын және қауіпті жағдайлардан шығудың жолын үйренді.