Пәндік олимпиада
Медициналық және биологиялық химия кафедрасының ұйымдастыруымен медицина факультетінің 1-курс студенттері арасында химия пәні бойынша дәстүрлі пәндік студенттік олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты — студенттердің химия пәніне деген қызығушылығын арттырып, пәнге деген ой-өрістерін кеңейту. Топтар сайысқа түсіп, медициналық химия және биологиялық химия бойынша сұрақтарға жауап беріп, тәжірибелік турда өз өнерлерін көрсетті.
Топтық біріншілікті медицина факультетінің топтары жеңіп алды.
1-орынды «Кислота» тобы (8-лек) 2-орынды «Н2О» тобы (1-лек) 3-орынды «Электрондар» тобы (4-лек) иеленді.
Капитандар сайысында медицина мамандығының 105-топ студенті Нұрбек Айдәулет жеңімпаз атанды.
Қазылар құрамы медициналық және биологиялық химия кафедрасының профессоры С.Ділмағамбетов, қалыпты физиология кафедрасының доценті Г.Исаев, медициналық және биологиялық химия кафедрасының аға оқытушысы Н.Ермұханбетова, СҒҚ төрайымы Р.Әмірханова, 2021 жылғы олимпиада жеңімпазы Н.Эргош (316-топ, медицина факультеті).
Жеңімпаздар мен қатысушыларға табыстар тілейміз!