Желтоқсан айына арналған аңдатпа
Желтоқсан — жылдың соңғы айы, қойылған мақсаттардың орындалуы мен атқарылған жұмыстарды қорытындылау кезеңі.
Ең маңызды оқиға — отбасылық медицина клиникасының базасында Үздік тәжірибелер орталығының ашылуы. Оған дайындық жұмыстары бір жылдан астам уақытқа созылды: профилактикалық бағытты қоса алғанда, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында қажетті құрылымдар құрылып, материалдық базасы нығайтылды. «РНС» Ұлттық қауымдастығының сарапшылары медициналық және педагогикалық кадрларды, әлеуметтік қызметкерлерді, психологты және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі маманды әлемдік стандарттарға сәйкес кәсіби тұрғыда оқытуға және практикалық қызметке инновациялық әдістерді ұйымдастырып, енгізу жұмыстары бойынша зор үлес қосты.
Университеттің медициналық орталығына көптен күткен заманауи үлгідегі компьютерлік томографпен, сараптамалық класты ультрадыбыстық аппаратпен және цифрлық маммографпен жабдықталған 2 жылжымалы мобильді кешен әкелінді.
Жылжымалы мобилдік кешендерге арналған жылы гараж құрылысын аяқтап, пайдалануға беру.
Оқу кабинеттерін орналастыру үшін медициналық орталыққа қосымша құрылыс салу жұмыстары жалғасуда.
20 төсекке есептелген онкореабилитация бөлімшесінде жөндеу жұмыстарын аяқтап және жаңа жабдықтармен қамтамасыз етіп, іске қосу 2024 жылдың 1 қаңтарына жоспарланып отыр. Жөндеу жұмыстарының аяқталуымен қатар күндізгі стационарға (20 төсек) функционалдық кереуеттер орнатылып, амбулаториялық науқастардың ыңғайлы цитостатикалық терапия алуы үшін аталған стационарға қайта орналастыру жұмыстары жүргізіледі. Күндізгі стационарды ауыстыру арқылы науқастардың бөлімшеге көтерілмей, уақыттарын үнемдеп, уақытылы ем алуларына мүмкіндік береді. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін цитостатиктерді өсіру кабинеті мен госпитальдық фармация бөлімшесі ашылады.
Күндізгі стационардың жанынан осындай кабинеттің ашылуы науқасты емдеу үшін уақытты үнемдеуге, химиялық препараттармен тікелей жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін арттырып, дәрілік заттарды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Госпитальдық фармация бөлімшесін ашудағы мақсат — дәрі-дәрмектерді жүйелі, қауіпсіз, ұтымды әрі тиімді пайдаланып және осы процесті оңтайландырылған жүйе арқылы басқару.
Желтоқсан айындағы жоспарлар міне, осындай.
Желтоқсан айы жоспарланған жұмыстардың аяқталып, орындалуымен ғана емес, сонымен қатар мерекелік маңызды күндермен де ерекше.
16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні!
31 желтоқсан — 2023 жылдың аяқталып, Жаңа 2024 жылдың басталуы!