Студенттер үшін маңызы зор шаралар
Аққағаз Досжанова атындағы конференц-холлда қалыпты физиология кафедрасының ұйымдастыруымен Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына, «Болашақ» халықаралық стипендиясының 30 жылдығына орай түлектермен және дәрігерлерді қайта даярлаудағы жаңашылдықтар мен үздіксіз білім алуға арналған шаралар өтті.
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Бауыржан Шәмші, қалыпты физиология кафедрасының оқытушысы Ғалымжан Исаұлы өткізіліп отырған шараның маңыздылығын атап өтті. Бауыржан Шәмші Шәкәрім Құдайбердіұлының өнегелі өмірі мен еңбек жолы туралы мағыналы әңгіме өрбітіп, студенттер Шәкәрімнің өлеңдерін мәнерлеп оқыды және сахналық шағын қойылым қойды. Күй тартылып, ән шырқалды.
Облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан «Болашақ» бағдарламасы мен оның ерекшеліктерін айта келе, оқып, талпынған жастарға бұл мемлекет тарапынан беріліп отырған үлкен мүмкіндік екенін және өзі де осы бағдарлама бойынша шет елде тағылымдамадан өткенін тілге тиек етті.
Ғылыми жұмыстар жөніндегі департаментінің жетекшісі,«Болашақ» стипендиясының медицина саласы бойынша түлегі Ақмарал Баспақова мен техника саласы бойынша түлегі Жасұлан Бакиев тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар физиология кафедрасының профессоры Роза Нұрғалиева дәрігерлерді қайта даярлаудағы жаңашылдықтар мен үздіксіз білім алу туралы ойларымен бөлісті.
Шараны қорытындылаған физиология кафедрасының меңгерушісі Айман Қалдыбаева келген қонақтарға алғысын айтты.