«Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!»
Тәуелсіздік күні мерекесінің 32 жылдығына арналған психология кафедрасы кураторларының ұйымдастыруымен «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» атты мерекелік шара өтті.
Мақсат — еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, студенттерге Желтоқсан құрбандары мен Желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апаларының ерлігін үлгі ету. Ұрпақтарымыз ұлы елдің ұланы, азат елдің ақиығы атануына жол ашылған қастерлі күннің тарихын баяндау. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге, патриоттық сезімге, сахналық мәдениетке тәрбиелеу.
Педиатрия факультетінің 103-104-топ студенттері мен кураторы Г.Неталина, стоматология факультетінің 120-121-топ студенттерімен кураторы А.Дүйсенованың ұйымдастыруымен өткен шарада студенттер ән айтып, би билеп, көрініс қойып, күй тартып өлең оқып, өз өнерлерін көрсетті.
Мерекелік шараға қатысқан қонақтар психология кафедрасының жетекшісі А.Миралеева және жастар ісі жөніндегі қызмет маманы, кураторлар кеңесінің төрағасы А.Қаниева студенттерге алғыстарын білдірді.