Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын «Қазақстан халқы арасында COVID 19-дан кейінгі жағдайы бар науқастарда вакцинацияның иммунитетке әсері» ғылыми жобасын орындау мақсатында эпидемиология кафедрасының жетекшісі медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастық профессоры Салтанат Оразаева және микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының жетекшісі Сәуле Құрманғалиева «Медицинадағы инновациялар: ғылымнан практикаға» атты халықаралық қатысуымен Абуали ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетінде өткен ғылыми-практикалық конференциясында баяндама жасады. Душанбе қ. (Тәжікстан).
Конференция өз алаңдарында көптеген қатысушыларды, жетекші ғалымдарды, дәрігерлерді, жақын және алыс шетелдерден келген сарапшыларды біріктірді.
Ғылыми форум жұмысына Польша, Үндістан, Сауд Арабиясы, Беларусь, РФ, Қазақстан, Түркия, Түрікменстан, Украина және Өзбекстан ғалымдары қатысып, тақырып аясында баяндамалар жасап, ой-пікірлерін ортаға салды.
Сапар барысында Салтанат Тұраққызы мен Сәуле Сейтжанқызы университеттің микробиология және эпидемиология кафедралары қызметінің бағыттарымен танысып, ғылыми және оқу-әдістемелік қызметіндегі бірлескен ынтымақтастық жоспарларын белгіледі.