«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»
Жаратылыстану-ғылыми пәндері кафедрасының оқытушылары Д.Сақыпова мен Р.Медеуованың ұйымдастыруымен 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты шара өтті. Оған педиатрия, стоматология, медицина факультеттерінің 1-курс студенттері қатысты.
Мерекелік шараның мақсаты — студенттерге өз Отанына деген патриоттық сезімдерін, өз елінің тарихын білуге, Отанын сүюге, Ұлтаралық достыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Тәуелсіздік — бұл біздің мемлекетіміз үшін ғасырлар бойы күресіміздің тәжі, халықтың табандылығының бейнесі, оның болашаққа деген ұмтылыстарының жарқын көрінісі болып табылатын айбынды мереке.
Тәуелсіздік құндылықтары туралы презентация көрсетілді. Күмбірлеген күй мен қазақ биі орындалып, әсем ән шырқалды. Студенттер өлеңдер оқып, танымдық ойын ойнатылды.
Кураторлар кеңесінің төрағасы А.Қаниева, кафедра доценты А.Тұрғанбаева ұйымдастырушылар мен студенттерге алғыстарын білдірді.