Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!
«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында «Қыз бала — ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты Хиуаз Доспанова атындағы №14 орта мектепте және «Рауан» көпсалалы колледжінде жасөспірім қыздарға арналған семинар-тренинг өтті.
№1 жалпы дәрігерлік практика кафедрасының ассистенті А.Хайруллинаның жетекшілігімен, жалпы медицина факультетінің 505 б топ студенттері Үміт Аманбаева, Махаббат Еркебұланқызы және №6 қалалық емханасының Салауатты өмір салтын қалыптастыру және психолог мамандарының ұйымдастыруымен өткен шарада ерте жүктіліктің алдын алу. Кәмелетке толмағандардың денсаулықтарын қорғау. Студенттердің бойында өзін-өзі күтудің дұрыс гигиеналық нормаларын қалыптастыру. Әр жыныстағылардың арасында таза және шынайы қарым-қатынастар мәдениетін тәрбиелеу туралы айтылды. Жасөспірім қыздар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ! «Өз балам, өзім білемін» деп балаға қатыгездік танытуға болмайды. Ата-ана — баланың ең жақын жанашыры, қорғаны, қамқоршысы. Отбасындағы дұрыс тәрбиеге атсалысу, қоғаммен жақсы қарым-қатынаста болу, құрметтеу, өз өміріне, жақындарына жауапкершілікпен қарау — азаматтық борышымыз.