Кәсіби бағдар берді

Қабылдау комиссиясының маманы А.Төлебаева және қалыпты және топографиялық анатомия кафедрасы доцентінің ма М.Сәрсенова кәсіби бағдар беру мақсатында Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысының аудан орталықтарына барды. Университет өкілдері облыс орталығының 35 мектебінде болып, бітіруші сынып оқушыларымен кездесті.

Кездесуде университет, оның тарихы, оқу орнында оқыған және жұмыс істеген атақты адамдар туралы, білім беру бағдарламалары, жетістіктері туралы бейнефильмдер мен презентациялар көрсетіліп, ҰБТ жаңалықтары айтылды. Оқушылар қызығушылықпен тыңдап, көптеген сұрақтар қойды, оларға толық жауаптар берілді.

Қабылдау комиссиясының мамандары медициналық колледж түлектерімен кездесу өткізіп, олар негізінен колледжден кейінгі қысқартылған оқыту мәселелеріне қызығушылық танытты.

Сондай-ақ, оқушылар жатақханада тұру, академиялық ұтқырлық, психометриялық тестілеу және т. б. мәселелерге қызығушылық танытты. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге көмек көрсеткен Ақтау қалалық білім бөлімінің өкілдеріне алғысымызды білдіреміз.