Терапиялық және ортопедиялық стоматология кафедрасында «Visiting-professor» бағдарламасын іске асыру
«Visiting-professor» бағдарламасын іске асыру шеңберінде желтоқсанның 4-8 күндері Карол Марцинковский атындағы Познань медицина ғылымдары университетінің профессорлары Еlzbieta Paszynska DDS, PhD және Justina Otulakowska DDS, PhD (Познань қ., Польша) стоматология мамандығының 4 және 5-курс студенттеріне онлайн дәрістер циклын өткізді.
Дәрістер терапиялық және ортопедиялық стоматологияның өзекті мәселелеріне арналды: “Treatment planning in dental practice”, “Clinical application of remineralization agents”, “Minimal Invasive Dentistry MID”, “MID and dental materials for conservative treatment at a glance”, “Prosthetic restoration of the endodontically treated tooth”. Студенттер дәрістердің жоғары ақпараттылығын және олардың практикалық маңыздылығын атап өтті.
Терапиялық және ортопедиялық стоматология кафедрасының жетекшісі, PhD М.Курманалина және кафедраның профессор-оқытушылар құрамы шетелдік профессорларға алғыстарын білдіріп, академиялық және ғылыми бағыттағы ынтымақтастық байланысының одан әрі жалғаса беретініне сенім білдірді.