Айғаным бірінші орынды иеленді
Мәскеуде қаласында «Жүрек жеткіліксіздігі-2023» халықаралық қатысуымен жыл сайынғы конгресс өтті. Шара барысында жүрек жеткіліксіздігінің диагностикасы, алдын алу және емдеу саласындағы соңғы жаңалықтар ұсынылып, қатар жүретін патологиялары бар науқастарда, атап айтқанда, қатерлі ісік, өкпе және бүйрек аурулары бар науқастарда жүрек жеткіліксіздігінің дамуына қатысты мәселелерге тоқталды.
Конгресс аясында жас ғалымдардың дәстүрлі байқауы өтті. Айта кетерлік жайт, жас ғалымдар байқауы үш кезеңде: 1-2 кезең сырттай және 3 кезең конгрессте көзбе-көз өткендіктен, байқаудың ақтық кезеңіне өту оңай болмады. 6 жас ғалым ғылыми баяндамаларымен шықты, олардың 3-уі Санкт-Петербургтен, 1-уі Қазан қаласынан, 1-уі Петропавл-Камчатскийден, 1-уі Қазақстаннан (Ақтөбе қ.).
Қазылар алқасының құрамында жүрек жеткіліксіздігінің ең беделді мамандары м.ғ.д., профессор, Ресей ғылым академиясының академигі Ю.Беленков (Мәскеу). ф.ғ.к. Ю.Беграмбекова (Мәскеу), ф.ғ.к. Н.Новицкий (Калуга).
№2 ішкі аурулар кафедрасының D141 «Медицина» білім беру бағдарламасының тобы бойынша 1 оқу жылының докторанты Айғаным Аманова «Сүт безінің қатерлі ісігімен ауыратын науқастарда антрациклиндермен емдеу кезінде сол жақ қарынша миокард қызметінің ерте бұзылыстарының дамуын болжау: диагностикалық номограмманы әзірлеу және бағалау» жұмысы бойынша деректермен таныстырды. Ғылыми жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыруының қолдауымен жүзеге асырылды (IRN AP09259524).
Байқау қорытындысы бойынша Айғаным Аманова 1-орынды иеленді. Сарапшылар халықаралық стандарттарға сай келетін ғылыми жұмыстың әлеуетін жоғары бағалады.
Айғаным Әмірқызына ғылым жолында табыстар мен сәттілік тілейміз!