Айдана «Қазақстан халқына» қорына алғысын білдірді
Университет құрылымдарына барған кезде 504-топ студенті Несіпбаева Айдана Арыстанбекқызының «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасы Болат Бидахметұлы Жәмішевке алғыс сөздері қонақтар мен әкімшілік үшін тосын сый болды.
Айдана бала кезінен дәрігер болуды армандағанын, көп балалы отбасында өскенін, алты баланың үлкені, анасы «Күміс алқа» алқа иегері екенін айтты. Отбасында 2 студент. ҰБТ қорытындысында 123 балл жинап емдеу ісі мамандығы бойынша ақылы негізде оқуға түскен.
«Қазақстан халқына» ҚҚ-ға балалардың арманын орындау туралы өтінішпен жүгінді, себебі отбасылық жағдайына байланысты ақылы оқуға мүмкіндігі болмаған.
2021-2022 оқу жылынан бастап «Қазақстан халқына» ҚҚ қаражаты есебінен білім алуда. Айдана Несіпбаева Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және оның тапсырмасы бойынша құрылған «Қазақстан халқына» ҚҚ-ға және жеке Болат Бидахметұлына алғысын білдірді.
Студентіміз болашақта лайықты дәрігер болу үшін бар күш-жігерін салатынына уәде берді.