Тәуелсіздік — Тәңір берген сый

Аққағаз Досжанова атындағы конференц-холлда Тәуелсіздік күніне арналған дәлелді медицина және ғылыми менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік — Тәңір берген сый» атты мерекелік шара өтті. Оған жалпы медицина факультетінің 302-АБ тобы атсалысты.

Кафедра оқытушысы Гүлім Қалданова Желтоқсан оқиғасына тоқталып, ерлік көрсеткен жастар туралы айтты. Сахна төрінде студенттер Тәуелсіздік туралы мәнерлеп өлеңдер оқып сонымен қатар жиналған қауым «Жайдарман» КВН командасының және студенттердің әзірлеген бейнеролигі мен қойылымын тамашалады.

Дәлелді медицина және ғылыми менеджмент кафедрасының жетекшісі Гүлнара Садықова сөз сөйлеп, шараға атсалысқандарға алғысын білдірді.

Шара хордың орындауында «Көк тудың желбірегені…» әнімен аяқталды.