Олимпиада жеңімпаздары марапатталды
Медициналық жоғары оқу орындары студенттеріне арналған «Самарқанд-2020» IV халықаралық олимпиадасы өтті. Оған терапиялық және ортопедиялық стоматология кафедрасынан стоматология факультетінің 8 студенті (4-5-курс) онлайн форматта атсалысты.
Олимпиада 3 кезеңнен тұрды. 1-кезең 30 сұрақтан тұратын тест (30 минут), 2-кезең 10 минут ішінде ситуациялық есептерге ауызша жауап беру, 3-кезең тәжірибелік дағды.
Олимпиада қорытындысы бойынша 4 студент келесі номинациялар бойынша дипломдарға ие болды. Кәрім Досов — «Клиникалық ойлау», Динара Хаби — «Тәжірибелік дағдыларды үздік көрсету», Дильназ Тыныштықалиева — «Тәжірибелік дағдыларды үздік орындау», Нұрпейіс Әміржанов — «Ситуациялық есептердің үздік шешімі».
Барлық студенттер өздерінің теориялық және практикалық білімдерін жоғары деңгейде көрсетті. Сондай-ақ, олимпиада комиссиясы кафедра оқытушыларының (ассистенттер Д.Таганова, Е.Исбулатов, М.Уразалина) студенттердің ерекше дайындығын атап өтті.