Ғылыми семинар
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Екі мәрте Совет Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе Қорғанысы Күштерінің әскери институтында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттері және М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті әскери кафедрасының студент-курсанттарымен «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері — ел Тәуелсіздігінің кепілі» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Мақсат — Т.Бигелдинов атындағы Әуе Қорғаныс Күштерінің әскери институты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті және М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің оқытушылары мен білім алушыларының арасында өзара байланыс пен ғылыми ынтымақтастықты қалыптастырып, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Семинарда әскери кафедрасының аға оқытушысы, запастағы подполковник Б.Жұмашевтің жетекшілігімен әскери кафедрасының студент-курсанттары Нұржан Ауесов пен Бекзат Бағашов «Тәуелсіздік — азаматтардың мүддесі мен қажеттілігі», «Әскери кафедра — патриоттық тәрбиенің негізгі маңызы» тақырыптарында баяндамалар оқыды.