3-дәрежелі дипломмен марапатталды
Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы ғылым жөніндегі кеңесі және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ұйымдастыруымен өткен «Биология, медицина және фармацияның даму перспективалары» атты І Халықаралық жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми конференциясында «Медициналық-профилактикалық іс» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты Нәзік Ерболат (ғылыми жетекшісі, м.ғ.к., қауымдастық профессоры, эпидемиология кафедрасының жетекшісі Салтанат Оразаева) «Ақпарат көздері және COVID 19-ҒА қарсы вакцинацияға бейілділік» атты баяндама жасап, 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.
Халықаралық форум барысында Ресей, Өзбекстан және Қазақстандық ЖОО-ң ғалымдары мен студенттері медицинаның түрлі бағыттарында баяндамалар жасап, өз ойларымен бөлісті.
Форумда медицина саласының көптеген профессорлары, ғылым департаментінің бас сарапшылары, жоғарғы санатты дәрігерлер пленарлық отырыс жасап, студенттерге бағыт-бағдар берді.